Ақпараттық хат!
«ЯСАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» журналы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті ғалымдар, зерттеушілер, докторанттар, магистранттар және жас ізденушілер!
Сіздерді «Ясауи зерттеулері» ғылыми журналының кезекті санына ғылыми мақалалар жариялауға шақырамыз!
«Ясауи зерттеулері» журналы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы шығаратын түркі әлемінің рухани, мәдени және тарихи мұрасын кешенді зерттеуге бағытталған халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал. Басылым Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын академиялық алаң болып табылады.
Журналдың негізгі ғылыми бағыттары
- Ясауитану: Дінтану және теология- (Дінтану, теология, исламтану, сопылық, діни философия, рухани мұра)
- Ясауи мұрасы: Тарихи және филологиялық зерттеулер. (Тарих, деректану, тарихнама, қолжазбатану, мәтінтану, әдебиеттану, тіл білімі, түркітану, аударматану)
- Ясауитану: Мәдени мұра және гуманитарлық зерттеулер (Археология, музейтану, мәдениеттану, этнология, антропология, туризм, мәдени саясат, цифрлық гуманитаристика, ғылыми коммуникация)
Жарияланым ережесі
- ҒТАМР (http://grnti.ruсілтеме бойынша анықталады);
- Автордың / авторлардың толық аты-жөні (егер екі немесе одан да көп автор болса, *Корреспонденция үшін автор көрсетіледі), ені бойынша туралау, қою қаріп, кіші әріптер;
- Бірінші парақтың үстіңгі сол жағында ҒТАХР индексі көрсетіледі.
- Автор(лар) жұмыс істейтін мекеме(лер)дің толық атауы, қала және ел туралы мәліметтер;
- Авторлардың электрондық пошта мекенжайлары және ORCID пен Scopus ID (электрондық пошта формасында); әрбір мекенжай жаңа жолдан беріледі;
- Жарияланымның атауы;
- Аңдатпа (қойылған мәселенің қысқаша мазмұны, мақаланың мақсаты, зерттеу әдістері мен нәтижелері, қорытындылар, 150-200 сөз);
- Кілт сөздер (кемінде 5 және 10-нан көп емес сөз немесе сөз тіркестері);
- Алғыс білдіру (оның ішінде қаржыландыру туралы ақпарат) әр бетте автоматты ескертпелер арқылы беріледі;
- Кіріспе;
- Зерттеу әдістері;
- Талдау;
- Алынған нәтижелер;
- Қорытынды;
- Әдебиеттер (мақала тілінде және ағылшын тіліндегі reference).
- Аңдатпа мен кілт сөздер басқа екі тілде беріледі (жақын және алыс шетел авторлары бұл мәліметтерді ағылшын және орыс тілдерінде ұсына алады, ал қазақ тіліне журнал редакциясы аударады).
- Мақала соңында автор(лар) туралы мәлімет үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) беріледі: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, университет атауы, мекенжайы, қала, ел, ORCID.
- Қысқартулар тізімі (мақала мәтінінде, әдебиеттерде, сурет астындағы жазуларда аббревиатуралар болған жағдайда) мақала тілінде;
- Иллюстрациялар тізімі үш тілде беріледі (мақала тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде).
Пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу:
APA (American Psychological Association) стилі қолданылады. Әдебиеттер тізіміндегі дереккөздерге сілтемелер мәтінде дөңгелек жақша ішінде бірінші авторды, жарияланған жылын және бет нөмірлерін көрсете отырып беріледі, мысалы:
- (Ахмет, 2024: 45) немесе (Ахмет, 2025: URL);
- 2 немесе одан да көп автор болған жағдайда:
- (Ахмет және т.б., 2022: 45);
- (Ахмет, Сейдулла, Үсен, 2026: 45);
- Тікелей сілтеме болмаған жағдайда: (Ахмет, 2022).
Тізім қарпі: Times New Roman, өлшемі 12, жоларалық интервал: 1 интервал; жиектері: сол жақ – 2 см, оң жақ – 2 см, жоғарғы және төменгі – 2 см; абзац шегінісі - 1,25, беттің ені бойынша тураланады, келесі жолға ауысу дефис арқылы орындалады. Көлемі - 0,5 б.т. кем емес (6-7 компьютерлік парақша), 1 б.т. (16 компьютерлік парақша) артық емес.
Әдебиеттер тізімі екі нұсқада беріледі:
- мақала тілінде алфавиттік тәртіппен нөмірленіп;
- латын транслитерациясы, оның ішінде ағылшын тіліндегі аудармасы төртбұрышты жақшада беріледі.
Диссертациялар, диссертация авторефераттары, ресми құжаттардың мәтіндері (жарлықтар, бұйрықтар, қаулылар, бағдарламалар және т.б.), архивтік деректер (және автордың далалық материалдары) әдебиеттер тізіміне енгізілмейді. Олар мақала мәтінінде дөңгелек жақша ішінде көрсетіліп, автоматты сілтемелер арқылы рәсімделеді. Архивтік құжаттардың барлық қысқартулары үтірмен бөлініп, кіші әріптермен жазылады (ГА, ф. 4, д. 2, л. 16). Олар әдебиеттер тізіміне енгізілмейді.
Мақалалар https://journal-yasawicenter.com/yasawi-studies арқылы қабылданады.