Журнал туралы
"Ясауи зерттеулері" ғылыми журналы ISSN: 3134-8440 (баспа); ISSN: 3134-8459 (онлайн)
Басқаша атауы: "Yasawi Zertteuleri" ISSN: 3134-8440 (баспа); ISSN: 3134-8459 (онлайн)
Редакция саясаты академиялық ғылым саласындағы үздік тәжірибелерге негізделген және Жариялау этикасы комитетінің (СОРЕ) ұсынымдарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды. Осы нұсқаулықты ұстану ғылыми этиканың жоғары деңгейін және жарияланатын жұмыстардың сапасын сақтауға негіз болады.
Ясауитану: дінтану және теология, Ясауи мұрасы: тіл және әдебиет, Ясауитану: әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер бойынша бірегей жоғары сапалы мұқият іріктелген түпнұсқа еңбектерді жариялауға маманданған ғылыми журнал болып табылады.
Журнал 2025 жылдан бері басылып келеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінде тіркелген. Қайта есепке қою куәлігі № KZ00VPY00140194. Берілген күні 23.01.2026 ж.
Журналдың шығу жиілігі: тоқсанына бір рет.
Журнал сайты: https://journal-yasawicenter.com
Журналдың құрылтайшысы "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК болып табылады. Мекен жайы: индекс 161200 Қазақстан, Түркістан қ., Әмір Темір көшесі, 53а, "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы бас ғимараты.
Редакциялық саясатқа өзгерістер мен толықтырулар Редакциялық алқаның шешімімен енгізіледі.