Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Бұл жұмыс бұрын соңды жарияланбаған, сонымен қатар басқа журнал редакцияларында да жариялауға ұсынылмаған (немесе редактордың анықтама бөлімінде толығырақ түсініктеме берілген).
  • Құжат OpenOffice, Microsoft Word немесе RTF файл пішімдерінің бірінде жазылған.
  • Мүмкіндігінше барлық пайдаланылған сілтемелерде интернет-адрестер (URL) толықтай көрсетілген.
  • Мәтін бірінші өлшемдегі жоларалық интервалмен және 14-ші қаріппен терілген; Сөз тіркестерін ерекшелеу мақсатында курсив қолданылған (URL адрестерден өзге); суреттер мен кестелер мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырылған.
  • Мақала мәтіні Авторларға арналған нұсқаулықта көрсетілген барлық стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді.

Авторларға арналған нұсқаулық

Windows жүйесіне арналған Microsoft Word бағдарламасы мәтіндерді, формулаларды және кестелерді теру үшін қолданылады.

  1. ҒТАМР (http://grnti.ru сілтеме бойынша анықталады);
  2. Автордың / авторлардың толық аты-жөні (егер екі немесе одан да көп автор болса, *Корреспонденция үшін автор көрсетіледі), ені бойынша туралау, қою қаріп, кіші әріптер;
  3. Автор(лар) жұмыс істейтін мекеме(лер)дің толық атауы, қала және ел туралы мәліметтер;
  4. Авторлардың электрондық пошта мекенжайлары және ORCID пен Scopus ID (электрондық пошта формасында); әрбір мекенжай жаңа жолдан беріледі;
  5. Жарияланымның атауы;
  6. Аңдатпа (қойылған мәселенің қысқаша мазмұны, мақаланың мақсаты, зерттеу әдістері мен нәтижелері, қорытындылар, 150-200 сөз);
  7. Кілт сөздер (кемінде 5 және 10-нан көп емес сөз немесе сөз тіркестері);
  8. Алғыс білдіру (оның ішінде қаржыландыру туралы ақпарат) әр бетте автоматты ескертпелер арқылы беріледі;
  9. Кіріспе;
  10. Материалдар мен зерттеу әдістері;
  11. Талдау;
  12. Алынған нәтижелер;
  13. Қорытынды;
  14. Әдебиеттер (мақала тілінде және ағылшын тіліндегі reference).
  15. Аңдатпа мен кілт сөздер басқа екі тілде беріледі (жақын және алыс шетел авторлары бұл мәліметтерді ағылшын және орыс тілдерінде ұсына алады, ал қазақ тіліне журнал редакциясы аударады).
  16. Мақала соңында автор(лар) туралы мәлімет үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) беріледі: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, университет атауы, мекенжайы, қала, ел, ORCID.
  17. Қысқартулар тізімі (мақала мәтінінде, әдебиеттерде, сурет астындағы жазуларда аббревиатуралар болған жағдайда) мақала тілінде;
  18. Иллюстрациялар тізімі үш тілде беріледі (мақала тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде).

Пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу:

APA (American Psychological Association) стилі қолданылады. Әдебиеттер тізіміндегі дереккөздерге сілтемелер мәтінде дөңгелек жақша ішінде бірінші авторды, жарияланған жылын және бет нөмірлерін көрсете отырып беріледі, мысалы:

  1. (Кенжетаев, 2024: 45) немесе (Кенжетаев, 2025: URL);
  2. 2 немесе одан да көп автор болған жағдайда:
    • (Кенжетаев және т.б., 2022: 45);
    • (Кенжетаев, Тұяқбаев, Қожа, 2026: 45);
  3. Тікелей сілтеме болмаған жағдайда: (Кенжетаев, 2022).

Тізім қарпі: Times New Roman, өлшемі 12, абзац шегінісі - 1,25, беттің ені бойынша тураланады, келесі жолға ауысу дефис арқылы орындалады.

Әдебиеттер тізімі екі нұсқада беріледі:

  1. мақала тілінде алфавиттік тәртіппен нөмірленіп;
  2. латын транслитерациясы, оның ішінде ағылшын тіліндегі аудармасы төртбұрышты жақшада беріледі.

Диссертациялар, диссертация авторефераттары, ресми құжаттардың мәтіндері (жарлықтар, бұйрықтар, қаулылар, бағдарламалар және т.б.), архивтік деректер (және автордың далалық материалдары) әдебиеттер тізіміне енгізілмейді. Олар мақала мәтінінде дөңгелек жақша ішінде көрсетіліп, автоматты сілтемелер арқылы рәсімделеді. Архивтік құжаттардың барлық қысқартулары үтірмен бөлініп, кіші әріптермен жазылады (ГА, ф. 4, д. 2, л. 16). Олар әдебиеттер тізіміне енгізілмейді.

Қабылданған материалдарды редакциялау журнал талаптарына сәйкес және автор(лар)дың көзқарасын ескере отырып редакция тарапынан жүзеге асырылады.

Дайындалған материал редакциялық алқаға тексеру және мақұлдау үшін жіберіледі.

Редакциялық алқа мүшелерімен келісілгеннен кейін бас редактор макеттің түпнұсқасын редакциялық алқа төрағасының бекітуіне ұсынады.

Редакциялық алқа төрағасы бекіткеннен кейін материал жариялануға жіберіледі.

Ұсынылған материалдардың шынайылығы мен мазмұны үшін автор жауап береді. Талаптарға сәйкес рәсімделген мақала мәтіні журнал сайтында тіркеледі.

Мақалалар рәсімдеу талаптары қатаң сақталған және барлық құжаттар толық болған жағдайда ғана қарауға қабылданады.

Жариялану мерзімі туралы авторларға материал қаралғаннан және рецензиядан өткеннен кейін хабарланады.

ЯСАУИТАНУ: ДІНТАНУ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ

Сопылық ілім, ислам философиясы және рухани дәстүрлерді зерттеу

ЯСАУИ МҰРАСЫ: ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Түркі қолжазбалары мен әдеби мұраны филологиялық тұрғыдан талдау

ЯСАУИТАНУ: ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Тарих, археология, этнография және мәдениеттану мәселелері

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады