Сопылық ғұрыптардың психофизикалық динамикасына мультидисциплинарлық талдау
Кілт сөздер:
зікір, сопылық, Ясауийа тариқаты, психофизиология, діни тәжірибе, ұжымдық ритуал, өзгерген сана күйлері, исламдық психологияАңдатпа
Бұл мақалада сопылық дәстүрдегі жария (дауыстап орындалатын) зікірдің психофизиологиялық, нейрокогнитивтік, әлеуметтік және антропологиялық қырлары кешенді түрде талданады. Зікір тек діни рәсім ғана емес, адам санасы мен денесіне тікелей әсер ететін көпдеңгейлі психофизикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында зікір-и жахр мен зікір-и хафидің арасындағы тарихи-теологиялық пікірталастар, әсіресе Ясауийа тариқатының ұжымдық, дыбыстық және қозғалысқа негізделген тәжірибесі назарға алынады. Мақалада қайталанатын дыбыс, ырғақ, қозғалыс және тыныс алудың жүйке жүйесіне, эмоциялық реттелуге және сананың өзгерген күйлеріне ықпалы қазіргі ғылыми зерттеулер негізінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, ұжымдық зікірдің әлеуметтік-психологиялық маңызы, «хальқа» ритуалдық кеңістігінің трансценденттік тәжірибені күшейтудегі рөлі және дененің діни тәжірибедегі орны туралы философиялық қайшылықтар талданады. Зерттеу нәтижелері зікірдің символдық акт қана емес, сананы, эмоцияны және әлеуметтік байланыстарды қалыптастыратын тиімді психосоматикалық тәжірибе екенін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Мир исламского мистицизма. - Пер. с англ. Н.И. Пригариной, А.С. - Энигма, 1999. — 416 с.
2. https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/257597.
3. https://eprints.walisongo.ac.id/2852/3/094411049_Bab2.pdf
5. Общества. Обмен. Личность. Труды по социальной антропологии. - / М. Мосс. Москва. - КДУ. - 2011. — 416 с.
6. История суфизма. Учебное пособие. - Шангараев Р.Р. – Казань. - «МеДДоК». - 2020. – 244 с.
8.https://www.researchgate.net/publication/392709833_THE_EFFECTS_OF_DHIKR_ON_M
ENTAL_HEALTH
9. https://dergipark.org.tr/tr/pub/amailad/article/1442812
10. Культ святых в исламе. - Москва. - «Мысль». - 1970. - 144 с.
11. https://danse-soufie.com/sufism/
12. Анри Корбен. Световой человек в иранском суфизме Пер. с франц. Ю. Стефанова. – Москва. - «Фонд исследований исламской культуры», «Волшебная Гора», «Дизайн. Информация Картография». - 2009 — 237 с.
13. Суфизм в Центральной Азии (зарубежные исследования): Сб. ст. памяти Фритца Майера (1912—1998). - Сост. и отв. редактор А. А. Хисматулин. — Санкт-Петербург. - Филологический факультет СПбГУ. - 2001. - 394 с.
