АХМЕТ ЯСАУИ МЕН СҮЛЕЙМАН ХАКИМ АТАНЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕСТЕЛІК ЖӘНЕ ОРТАҚ МОТИВТЕР
Кілт сөздер:
зікір, сопылық, Ясауийа тариқаты, психофизиология, діни тәжірибе, ұжымдық ритуал, өзгерген сана күйлері, исламдық психологияАңдатпа
Мақалада түркі сопылық әдебиетінің көрнекті өкілдері Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірті Сүлеймен Хәкім Атаның шығармашылық және рухани сабақтастығы қарастырылады. Зерттеуде қос ойшылдың дүниетанымдық көзқарастары, сопылық ілімді таратудағы қызметі, хикметтеріндегі ортақ идеялар мен көркемдік ерекшеліктері талданады. Қожа Ахмет Ясауидің түркі тіліндегі әдеби дәстүрді қалыптастырудағы рөлі, ұлттықмәдени бірегейлікті сақтауға қосқан үлесі және оның мұрасының Анадолы кеңістігіндегі жалғасы ретінде Юнус Әмре мен Сүлеймен Хәкім Ата шығармаларындағы үндестіктер сараланады. Сонымен қатар сопылық поэзиядағы рухани кемелдену, нәпсімен күрес, иршад жолы, ұстаз бен шәкірт сабақтастығы мәселелері тарихи деректер мен әдеби мәтіндер негізінде зерттеледі. Авторлар Ясауи мен Хәкім Ата мұрасының түркі халықтарының рухани мәдениеті мен әдеби ойының дамуына тигізген ықпалын көрсетіп, олардың шығармаларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтап отырғанын тұжырымдайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Зейбек Н. К. Туркизация и исламизация тюрков и Ахмед Ясави // Материалы симпозиума «Ходжа Ахмед Ясави». – Баку, 2008. – С. 67–73.
2. Татчы М. Диван Юнуса Эмре (исследование и текст). – Анкара, 1990.
3. Гумметова Х. Неизвестные аспекты сказания индийской принцессы в поэме Низами Гянджеви «Семь красавиц» // Литературная газета. – 19 октября 2021 г.
4. Хаким Сулейман Ата. Хикметы и сказания / Подгот. М. Север. – Анкара: Oba Yayınları, 2006.
5. Халилов П. Ахмед Ясави. – Баку: Азернешр, 1976.
