«Диуани хикмет» тіліндегі -ла, -ле жұрнағының сөзжасамдық қызметі
Кілт сөздер:
тілдік тарихы, сөз тудырушы, туынды етістік, жұрнақ, тілдік бірлік, Ясауи хикметіАңдатпа
Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасындағы зат есімнен етістік тудыратын -ла, -ле жұрнағының сөзжасамдық қызметі мен семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі орта түркі дәуірі ескерткіштері тіліндегі сөзжасам жүйесігн анықтау және оның қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын көрсету қажеттілігімен байланысты. Мақаланың мақсаты – Ясауи хикметтерінде кездесетін -ла, -ле жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктерді анықтап, олардың жасалу жолдарын, мағыналық ерекшеліктерін және қызметтік сипатын талдау. Зерттеу барысында сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, морфологиялық және статистикалық талдау әдістері қолданылды. Хикмет мәтіндерінен жиналған тілдік деректер негізінде -ла, -ле жұрнағы арқылы жасалған етістіктердің құрылымдық және семантикалық топтары сараланды. Нәтижесінде аталған жұрнақтың зат есмідерге жалғану арқылы қимылдық мағына тудыруда аса өнімді қызмет атқаратыны анықталды. Сонымен қатар туынды етістіктердің дене мүшелері атауларынан, деректі және дерексіз зат атауларынан жасалып, салыстыру, құралдық, әрекеттік және ауыспалы мағыналарды білдіретіні көрсетілді. Зерттеу қорытындысы бойынша, ла, -ле жұрнағы Ясауи хикметтеріндегі ең өнімді сөзжасамдық көрсеткіштердің бірі болып табылады және түркі тілдеріндегі тарихи сөзжасам жүйесінің даму ерекшеліктерін тануда маңызды тілдік дерек көзі ретінде бағаланады.
Әдебиеттер тізімі
1. Ергобек С.С., Ергобекова Ж., Зияева Г. Ясауи хикметтерi және «Кисса Мансар Эл-Халлаж» сабақтастығы // Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы. Филология ғылымдарының cериясы. – №
3 (53), 2015 – 158 б.
2. Керімбекова Б.Д., Таңжарықова А.В. Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мен қазақ поэзиясындағы мінәжат жырлардың көрінісі // Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы. Филология ғылымдарының cериясы. №4(58), 2016 – 142 б.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
4. Древнетюркский словарь. – Ленинград: АН СССР, Ин. языкознания, 1969. – 676 с.
5. Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). – Алматы. Мұраттас, 1993 – 261 б.
6. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – Москва: Изд. АН СССР, 1948. – 276 с.
7. Котвич В. Исследование по алтайским языкам. – Москва: Изд. Иностранной литературы, 1962. – 45 с.
8. Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы. – Алматы: Ғылым, 2002.
– 303 б.
