ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ САРЫНДАР
Кілт сөздер:
Ясауи, публицистика, журналистика, Хикмет, публицист, рухани, насихат, үгітАңдатпа
Бұл мақаладаҚожаАхмет Ясауи шығармаларының қазақ журналистикасы мен публицистикасының қалыптасуындағы рөлі қарастырылады. Қазақ публицистикасы бертінде қалыптасса да, оның іргетасы Қожа Ахмет Ясауи шығармаларында жатыр деуге болады. Оның туындыларында кездесетін халықты ояту, қоғамның күйін көрсету, әділетсіздікке қарсы үндеу сияқты мотивтер қазақ журналистикасының негізгі бағыттарын қалыптастыруға ықпал етті. Бабамыздың ғасырлардан мирас болып келе жатқан Хикметтерінде қоғамдағы әділетсіздік, адамгершілік, адалдық, рухани тазалық және адамдардың өзара қарымқатынастары баяндалады. Сол Хикметтер арқылы қоғамның ішкі қайшылықтарын сынау, адамдарды ояту, өзгерістерге шақыру, насихаттау секілді публицистиканың негізгі белгілері айқындалып, талданады.
Әдебиеттер тізімі
1. Baitursynov A. Works. – Almaty: Zhazushy, 1989. – 320 p.
2. Zhakyp B. Fundamentals of Publicistic Creativity. – Almaty: Kazakh University, 2007. – 485 p.
3. Islamic Themes in the Works of Medieval Turkish Poets: Anthology / compiled by A. M. Nigmatullina. – Kazan: Kazan University Press, 2014. – 120 p.
4. Kenzhebayev B. Problems of the History of Kazakh Literature. – Almaty: Gylym, 1973. – 170 p.
5. Khoja Ahmed Yasawi. Hikmets. – Almaty: National Commission of the Republic of Kazakhstan for UNESCO Affairs, 2000. – 201 p.
