Мақаланы жариялау шарттары
Ғылыми мақала - ғылыми зерттеудің, эксперименттік және аналитикалық талдаулар нәтижесіндегі автордың жеке тұжырымдарын, аралық және қорытынды нәтижелерін баяндайды. Ол бұрын жарияланбаған және жаңашылдыққа ие авторлық әзірлемелерді, тұжырымдарды, ұсыныстарды қамтиды немесе ортақ тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарастыруға арналған (жүйелі шолу).
Ғылыми мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады және олар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.
Редакцияға мақаланың соңғы нұсқасы жолданған күн мақаланың қабылданған күні болып есептеледі.
Редакция мәтінге мақаланың мағынасы бұрмаланбайтын редакторлық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Шетелдік авторлардың мақалалары, сондай-ақ орыс, ағылшын және түркі тілдеріндегі мақалалар әр журнал нөміріндегі жарияланымдардың жалпы санының кемінде 1/3 бөлігін құрайды. Журналдың әр нөмірінде қазақстандықтармен сабақтас авторлығы жоқ шетелдік автордың 1 (бір) мақаласы жариялану ескеріледі.
Журналдың бір нөмірінде автор бірлескен авторлықты қоса алғанда бір ғана мақаласын жариялай алады. Бір автордың мақаласы (жеке дайындалған немесе сабақтас авторлармен бірге) журналдың екі нөмірінде қатарынан жарияланбайды.
Тек антиплагиат жүйесі арқылы тексерілгеннен кейін 75% немесе одан жоғары түпнұсқалығы бар қолжазба ғана әрі қарай рецензиялауға жіберіледі.
Жариялау кезеңіндегі басымдық халықаралық деректер базаларында - әсіресе Web of Science пен Scopus-та ғылыми профилі бар және жоғары ғылыми белсенділік танытқан авторларға беріледі.
Журналға мақала жариялауға қол жеткізу үшін мақалаларды дайындау кезінде автор ғылыми мақаланың құрылымын қатаң сақтауы және рәсімдеу ережелерін басшылыққа алуы қажет.
Мақала рәсімдеу параметрлері: бет - А4, кітаптың бағдарлануы, ені бойынша туралануы, барлық жағынан шеттері - 20 мм. Қаріп; типі - Times New Roman, өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - 1, "Азат жол" шегінісі -1,0 см.
Мақаланың көлемі (атауын, автор туралы мәліметтерді, аңдатпаны, кілт сөздерді, библиографиялық тізімді қоспағанда) кемі 6 бет (3000 сөз) болуы және 16 беттен (7000 сөз) аспауы керек.
Мақаланы жариялаудан бас тарту негіздері
- Мақала плагиатқа қарсы тексеруден өтпеді;
- Мақала бойынша екі теріс рецензияның болуы;
- Журнал саясатының техникалық талаптарына сәйкес келмеуі;
- Автор рецензенттер ұсынған түзетулерді енгізбеді;
- нтиплагиат жүйесінде тексеру нәтижесінде жасанды түрде генерацияланған мәтіннің бар екенідігі анықталады;
- Брокерлер мен/немесе делдал ұйымдардың сыртқы көмек жүйесін пайдалану.
Авторлық құқық
Осы журналға жариялайтын авторлар келесі талаптармен келіседі: авторлық құқықты сақтайды және журналға Creative Commons Attribution License лицензиясы негізінде жұмысты алғашқы жариялау құқығын береді, бұл басқаларға осы жұмысты түпнұсқа туындысының авторларына және осы журналдағы түпнұсқа басылымға сілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып таратуға мүмкіндік береді. Авторлар осы Журналда оның бастапқы жарияланымына сілтеме жасай отырып, жұмыстың нұсқасын осы жерге жарияланған түрде эксклюзивті емес таратуға қатысты жеке келісім-шарт жасасу құқығын сақтайды.
Құпиялылық
Осы журналдың веб-сайтына енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекен-жайлары тек осы журналда белгіленген мақсаттар үшін пайдаланылады және басқа мүдде үшін пайдаланылмайды немесе өзге адамдар мен ұйымдарға берілмейді.