Қолжетімділік саясаты

Журналдың барлық жарияланған нөмірлері https://journal-yasawicenter.com сайтының "Ағымдағы басылым" және "Мұрағаттар" парақшаларында ашық қолжетімді.

Жарияланған мақаладан кез келген деректерді көшіру кезінде журналға және материал авторларына сілтеме жасап отыру қажет.

"Ясауи зерттеулері" журналында жарияланатын материалдардың авторлары жарияланымға келісім бере отырып, редакцияға өз еңбектерін ақпараттық-телекоммуникациялық желіде жалпыға қолжетімді түрде орналастыру құқығын береді. Аталған келісім мақала ұсыну кезінде авторлық құқықтарды беру талаптарын қабылдау арқылы расталады.

Әрбір автор мақаласындағы авторлық құқығын сақтайды. Жарияланған мақаланың материалдарын басқа басылымдарда, оның ішінде кітаптар мен оқу-әдістемелік басылымдарды дайындау кезінде (мақаланың баспа немесе электрондық көшірмелерін) де пайдалана алады.

Авторлардан (журнал көшірмесін қоспағанда), оқырмандардан жариялау ақысы алынбайды.