СОПЫ МҰХАММЕД ДАНЫШМАНД ЖӘНЕ ЯСАУИ ТАРИҚАТЫ: НАСАБНАМАНЫҢ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Кілт сөздер:
Қожа Ахмет Ясауи, насабнама, Ясауи тариқаты, сопылық легитимация, силсила, қолжазба, Мешхед, Астан Құдс Разави, деректанулық талдауАңдатпа
Бұл мақалада Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласындағы Имам Реза кесенесі жанындағы Астан Құдс Разави кітапханасының қолжазбалар қорында сақталған №39915 «Шажара уа мақамати Хожа Ахмад Ясауи» қолжазбасы деректанулық және мәтіндік тұрғыдан талданады. XIV ғасырда, нақтырақ айтқанда 729 һижри / 1329 жылы хатқа түскен бұл насабнама Ясауи тариқатының тарихи-рухани сабақтастығын, силсила құрылымын және сопылық легитимация тетіктерін зерттеуде маңызды дереккөз болып табылады.
Зерттеу барысында қолжазба мәтінінің композициялық құрылымы, Құран аяттары мен діни формулалардың қолданылу ерекшелігі, сондай-ақ сопылық терминология мен символикалық элементтердің семантикасы қарастырылады. Сонымен қатар мәтіндегі Арслан бап аманаты, Қожа Жүсіп Хамадани мектебінің ықпалы және Сопы Мұхаммед Данышманд тұлғасының Ясауи силсиласындағы институционалдық орнына ғылыми талдау жасалады. Нәтижесінде қолжазба Ясауи тариқатының тек рухани-идеялық жүйесін ғана емес, сонымен бірге оның тарихи жады, шежірелік легитимациясы және сопылық білім беру құрылымын көрсететін кешенді дереккөз екені анықталды. Сонымен қатар бұл мәтін Ясауи дәстүрінің Орта Азия мен Иран аймағындағы трансөңірлік ықпалын айғақтайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Жандарбек З.З. Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақидың «Насаб-намасы» Қазақстанның VIII–XII ғасырлардағы тарихы жөнінде. – Түркістан: МКТУ типографиясы, 2000. – 33 б.
2. Шажара уа мақамати Хожа Ахмад Ясауи («Қожа Ахмет Ясауидің шежіресі мен рухани дәрежелері») // Иран Ислам Республикасы, Мешхед қ., Имам Реза кесенесі жанындағы Астан Құдс Разави кітапханалар, музейлер және құжаттар орталығы, Қолжазбалар басқармасы. – Қолжазба №39915. – XIV ғ. (729 һ. / 1329 ж.).
3. ChatGPT // OpenAI. – URL: https://chatgpt.com/ (қаралған күні: 12.05.2026). – Аударма құралы ретінде пайдаланылды.
4. Құран Кәрім аудармасы // Koran.kz. – URL: https://koran.kz/alty/1 (қаралған күні: 12.05.2026). – Аяттардың қазақша аудармасы пайдаланылды.
