ӘЗЕРБАЙЖАН ӘДЕБИЕТТАНУЫНДАҒЫ АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
Ахмет Ясауи, ясауилік, әзербайжан әдебиеттануы, сопылық, түркілік рухани мұра, «Диуани хикмет», түркілік бірегейлік, рухани сабақтастықАңдатпа
Мақалада Ахмет Ясауи мұрасының әзербайжан әдебиеттануындағы зерттелу тарихы мен негізгі кезеңдері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Ахмет Ясауи шығармашылығын зерттеудің қалыптасу және даму үдерісін жүйелеу, сондай-ақ оның мұрасын түсіндірудің негізгі бағыттарын айқындау. Мақалада Ясауи мұрасын зерттеудің шартты түрде үш кезеңі сараланады: ХХ ғасырдың 20–30-жылдары, ХХ ғасырдың 90-жылдары және 2000-жылдардан кейінгі зерттеулер. Алғашқы кезеңде Емин Абид, Салман Мумтаз және басқа зерттеушілердің еңбектері арқылы Ясауи есімі әзербайжан ғылыми айналымына ене бастағаны көрсетіледі. Кеңестік кезеңде сопылық, діни-философиялық мұра және жалпы түркілік рухани дәстүрді зерттеудің идеологиялық шектеулерге ұшырағаны атап өтіледі. Тәуелсіздік кезеңінде тарихи жады, түркілік бірегейлік және ұлттық әдебиеттің рухани бастауларына қызығушылықтың артуы Ясауи мұрасын жаңа қырынан зерттеуге мүмкіндік берді. Яшар Қараев, Паша Алиоғлы, Сархан Хавери, Бахлул Халилов, Али Шамиль, Эльман Кулиев және басқа ғалымдардың еңбектері негізінде Ясауи ілімінің әзербайжан классикалық әдебиетімен, сопылық дәстүрмен, ақындық және ашықтық өнерімен, вуджуднаме жанрымен және жалпы түркілік әдеби-рухани дәстүрмен байланысы талданады. Зерттеу нәтижесінде Ясауи мұрасының жергілікті құбылыс емес, түркі әлемінің кең рухани жүйесінің маңызды бөлігі екені және оның мәдени жады, рухани сабақтастық пен түркілік бірегейлікті түсінудегі маңызы айқындалады.
Әдебиеттер тізімі
1. Алиоглу П., (2019). «Творчество Ходжи Ахмеда Ясави и азербайджанская литература» // газета «Ədəbiyyat», 17.09.
2. Бахлул А., (2018). «Ясавийство и шаманско-дервишская культура в Азербайджане» // газета «Ədalət», 22 февраля, с. 7.
3. Баят Ф., (1997). Ходжа Ахмед Ясави и некоторые проблемы народного суфизма. Баку, с. 72.
4. Биннетова Х., (2018). «“Пир Туркестана” — Ходжа Ахмед Ясави и Азербайджан» // VI Международный симпозиум Университета Кастамону имени шейха Шабана Великого. Ясавийство.
5. https://isamveri.org/pdfdrg/G00463/2018/2018_BINNETOVAH.pdf
6. Гадимов Г., (2013). Поэты тариката Сефевийя XV–XVI веков. Автореферат диссертации, представленной на соискание ученой степени доктора философии по филологии. Баку.
7. Джафаров Н., Предисловие // Ахмед Ясави (2004). Дивани-хикмет. Баку: Çaşıoğlu, 128 с.
8. Караев Я., (1996). История: вблизи и издалека. Баку: Sabah, 712 с.
9. Кулиев Э., (2011). Тюркские народы. Баку: “CONATANT EMPARY”, 568 с.
10. Хавери С., (2016). Поэтический суфийский код в системе национальной культуры. Баку: Elm, 180 с.
11. Халилов Б., (2010). Сокровищница мудрости тюрка: Ходжа Ахмед Ясави. Баку.
12. Шамиль А., (2002). Emin Âbid'in H. Ahmed Yesevî hakkındaki makalesine dair // ежемесячный журнал «Yesevi», № 100, 9-й год издания, апрель, с. 40.
13. https://ali-shamil.tr.gg/EMIN-ABID-AHMET-YASEVI-HAKKINDA.htm
14. Шамиль А., (2017). «Ахмед Ясави, покоривший тюркский мир своими стихами и распространявший ислам» // журнал «Sebilürreşad», хиджра 1438, февраль-март, раджаб, № 1014, т. 41, с. 50–52.
15. https://alishamil.tr.gg/%26%23350%3BE%26%23304%3BRL%26%23399%3BR%26%23304%3B-%26%23304%3BL%26%23399%3B-T-Ue-RK-D-Ue-NYASINI F%26%23399%3BTH-ED%26%23399%3BN%2C-%26%23304%3BSLAMIYAYAN-%26%23399%3BHM%26%23399%3BDY%26%23399%3BS%26%23399%3BV%26%23304%3B.htm
16. Эфендиев А., (2001). Яшар Караев. Библиографический указатель. Баку: Elm, с. 215.
