"Ясауи зерттеулері" - түркі әлемінің рухани, мәдени және тарихи мұрасын кешенді зерттеуге бағытталған халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал. Басылым Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын академиялық алаң болып табылады.

Негізгі ғылыми бағыттар:

  • Ясауитану: Дінтану және теология- (Дінтану, теология, исламтану, сопылық, діни философия, рухани мұра)
  • Ясауи мұрасы: Тарихи және филологиялық зерттеулер. (Тарих, деректану, тарихнама, қолжазбатану, мәтінтану, әдебиеттану, тіл білімі, түркітану, аударматану)
  • Ясауитану: Мәдени мұра және гуманитарлық зерттеулер (Археология, музейтану, мәдениеттану, этнология, антропология, туризм, мәдени саясат, цифрлық гуманитаристика, ғылыми коммуникация)

Журнал саясаты:

  • Ашық қолжетімділік: Барлық материалдар Open Access (CC BY 4.0 лицензиясы) қағидатымен жарияланады.
  • Сәйкестендіру: Мақалаларға DOI (Digital Object Identifier) индексі беріледі.
  • Этика: Редакция Жариялау этикасы комитетінің (COPE) стандарттарын қатаң сақтайды.
  • Қамту: Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалаларды қабылдайды.

Шығу жиілігі: жылына 4 рет.

Құрылтайшы: "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы.

Хабарландырулар

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 1 № 2 (2026): ЯСАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
					Көрсету  Нөмір 1 № 2 (2026): ЯСАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Жарияланды: 2026-06-17

Барлық шығарылымдар

Барлық журнал басылымдарын көрсету